Шемішкеге қақалған екі жастағы бала қайтыс болды

Сурет: Шедеврум

АЙМАҚТАР
2131

Қайғылы жағдай 13 маусым күні Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағынауданында болған. Үйде екі жасар бала күнбағыс дәніне қақалып қалып, көз жұмған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Qazaqstan Media сайтының жазуынша, оқиға сәтінде анасы дүкенге шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Сол кезде кенже бала аузына күнбағыс дәнін салып, байқамай қақалып қалған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметі баланың өмірін сақтап қала алмады.

АЙМАҚТАР

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы әртүрлі болады. Елордада жаңбыр мен қар түрінде жауын-...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды...