Екі облыста жол жабылды

ашық дереккөзден алынған

АЙМАҚТАР
2379

Еліміздің екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ақтөбе облысында жабылған жол учаскелері:

РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 776-1240 км (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);

Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы, 14-104 км (Ақтөбе – Қандыағаш аралығы).

Қызылорда облысында жабылған жол:

РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, 1240-1362 км (Ақтөбе облысы мен Арал қаласы аралығы).

Жолдарды қардан тазарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 206 арнайы техника және 376 маман жұмылдырылған.

Алдын ала болжам бойынша, жолдар 2 наурыз күні сағат 13:00-де ашылады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жол полициясы жүргізушілерге сапарды кейінге қалдыруға және жолда сақ болуға кеңес береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...