Ақтөбелік әйел дөнер жеймін деп тісін сындырып алған, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq R&...
“Мектепке тізеден су кешіп барады”: Ақмол ауылының тұрғындары су астында қалудан қауіптенуде
Фото: видеодан скриншот
Ақмола облысына қарасты Ақмол ауылының тұрғындары көктемгі қар еруіне байланысты ауылды су басып жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Жергілікті халықтың сөзінше, қыста жауған қалың қар уақытылы шығарылмаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны Сәуле Нұртазинаның айтуынша, жағдай жыл сайын қайталанады:
Биыл ауылды су басып кетті. Қар шығарылмаған. Қазір балалардың бәрі мектепке тізеден су кешіп барып жүр. Бұл жерде машина жүріп жатқан жоқ, жүзіп бара жатқан сияқты. Бамперлері жолда қалып жатыр. Осыған алдын ала шара қолдануға болмай ма? Солтүстік өңір ғой. Бұл жыл сайын қайталанатын жағдай.
Тұрғындардың айтуынша, ауыл ішіндегі көшелермен жүру қиындаған; кей жерлерде көліктер әрең қозғалады; жедел жәрдем көлігін қардан тұрғындардың өздері итеріп шығаруға мәжбүр болған, оқушылар мектепке бару үшін су кешіп өтуде.
Ауыл ішінде қыс бойы қар толық тазаланбаған. Күн жылынып, қар ерігеннен кейін көшелерді су басып, жағдай күрделене түскен. Қазіргі таңда еріген су аулаларға кіре бастаған.
Тұрғындар үйлерін су басып кетуі мүмкін деп алаңдаулы.
Ақмол ауылының әкімі Жанат Дүйсекеев жағдайға қатысты түсініктеме берді:
Біз бірінші кезеңде әлеуметтік нысандарды, мектеп, емхананы тазартып, жөнге келтіріп жатырмыз. Қар шығару кезең-кезеңмен жүргізілуде. Халыққа айтарым: түсінулеріңізді сұраймыз. Барлық жерді бір мезетте тазалап тастау мүмкін емес. Кезек-кезегімен алып тастаймыз.
Тұрғындардың айтуынша, көктемгі су тасқыны мәселесі жыл сайын қайталанатындықтан, алдын ала дайындық жұмыстарының жеткіліксіздігі алаңдатады.