«Қалқаман» бекеті: Алматы метросында жаңа кезең қалай жүріп жатыр?

Madeniet Portaly

АЙМАҚТАР
44

Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Алматыда метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңіндегі үшінші іске қосу кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Қалқаман» метро бекеті мен оған жалғасатын тоннельдердегі құрылыс барысымен танысты.

Сол жақ аралық тоннельде «Б. Момышұлы» бекетінен «Қалқаман» бекетіне дейінгі рельстер төсеу жұмыстары толық аяқталды. Тоннельде электр кабельдері, су құбыры, дренаж жүйесі тартылып, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнатылды. Келесі кезеңде бейнебақылау, дыбыстық хабарлау, өрт және қауіпсіздік дабыл беру жүйелерін орнату жоспарланған.

Оң жақ перегондық тоннельді қазу жұмыстары жалғасуда: жалпы ұзындығы 1 593 метрдің 1 285 метрі қазылды, 308 метрі қалды. Станцияда монолиттік құрылымдар аяқталуға жақын, кері топырақ толтыру жүргізіліп жатыр. Ішкі кеңістікте әрлеу жұмыстары, инженерлік коммуникациялар тарту және жабдықты монтаждауға дайындық жүріп жатыр. Барлық өндірістік операциялар тәулік бойы атқарылады. Жалпы нысанда 478 маман еңбек етуде: 149-ы жерасты жұмыстарында, 329-ы ашық алаңдарда.

Дархан Сатыбалды бекітілген мерзімді қатаң сақтаудың және жұмыстардың сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Әкімнің айтуынша, «Қалқаман» бекеті Алматының көлік жүйесі үшін стратегиялық мәнге ие және метроның батыс бағыттардағы қолжетімділігін арттырады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартысының соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...