Қазақстандағы ең қымбат ірімшік қайда сатылатынын білесіз бе?

Фото: Шедеврум

АЙМАҚТАР
1851

2025 жылғы қаңтар айында Қазақстанда ірімшіктің орташа бағасы 1 кг үшін 5210 теңгені құрады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары орташа баға Қызылорда қаласында тіркелді – 5941 тг/кг.

Шымкентте орташа баға 5816 тг/кг, Ақтауда – 5643 тг/кг, Таразда – 5642 тг/кг. Ірімшіктің ең арзан орташа бағасы Қонаев қаласында – 3492 тг/кг. Қазақстанның өзге қалаларында баға 4000-5500 теңге арасында құбылады, - делінген мәліметте.

2024 жылдың 11 айында Қазақстан ірімшік пен сүзбенің 3,6 мың тоннасын экспорттады. Негізгі импорттаушы елдер ТМД мемлекеттері, соның ішінде Ресей (2,8 мың тонна), Қырғызстан (313 тонна), Өзбекстан (225 тонна), Армения (106,8 тонна), Тәжікстан (45,3 тонна), Түрікменстан (8,1 тонна), сондай-ақ өнімі Біріккен Араб Әмірліктеріне, Оңтүстік Кореяға және Моңғолияға жеткізілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...