Шымкентте +48°С, Алматыда +42°С: Қазақстанның мегаполистерінде рекордтық аптап күтілуде

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
315
2026 жылдың шілдесі рекордтық ыстығымен таңғалдыруын жалғастыруда. Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын жаздың ең ыстық кезеңі күтіп тұр. Алдағы күндері жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астана

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады: түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +32...+34°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел 7–12 м/с. Түнде +18...+20°С, күндіз +33...+35°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7–12 м/с. Түнде +21...+23°С, күндіз +34...+36°С.

Алматы

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с. Түнде +23...+25°С, күндіз +40...+42°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 3–8 м/с. Түнде +24...+26°С, күндіз +40...+42°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 3–8 м/с. Түнде +24...+26°С, күндіз +40...+42°С.

Шымкент

17 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с. Түнде +23...+25°С, күндіз +45...+47°С.

18 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +25...+27°С, күндіз +46...+48°С.

19 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с. Түнде +25...+27°С, күндіз +46...+48°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы маусым айының ауа райына шолу жасаған болатын. Мамандардың мәліметінше, жаздың алғашқы айы көпжылдық рекордтарды жаңартқан аптап ыстықпен және бір тәулікте екі айлық жауын-шашын мөлшері түскен нөсерлермен ерекшеленді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент–Бадам тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиғад...