Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, ауа райы күрт құбылады

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
174

Б үгін Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт құбылады. Кей өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, қатты жел соғады, үсік пен тұман күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, тұман түседі.

Жетісу облысында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Бірқатар өңірде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің солтүстігі мен шығысында 1-3 градус үсік күтіледі. Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде төтенше өрт қаупі әлі де сақталады. 

Шоу-бизнес

Жақында дүркіретіп той жасаған белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан отбасындағы тағы бір қуанышты жиы...

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...