Жаңбыр мен қар: Десалыс күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay.com

АЙМАҚТАР
1269

«Қазгидромет» синоптиктері 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігінде өз ықпалын сақтап, жаңбырсыз, тынық ауа райын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Бұл өңірлерде қар, боран және көктайғақ қаупі жоғары. Мамандар жолда абай болуға шақырады. 

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша тұман түседі, ал солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі байқалады.

Тұман көру мүмкіндігін күрт төмендетсе, желді аудандарда жол қозғалысы қиындауы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...