Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады, – деп хабарлайды madeniporta...
«Осы жасыма келіп әйел екенімді сезіндім»: Айгүл Иманбаева сырын ақтарды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірі жайлы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Атақты актриса әйелдер қауымын әрдайым еркелеп жүруге шақырды.
«Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуіміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам, күйеуім «Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінші рет күйеуімнің иығына басымды қойып, еркелей алдым. Қыздар, күйеуіңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады», – деді әнші Айгүл Иманбаева.