Төреғали Төреәлінің Балжан Бидашқа жазған хаты көпшілікті таңғалдырды

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
671

Әнші Бидаштың Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы өнер адамдарының әзіл аралас пікірталасына ұласты. Әсіресе Төреғали Төреәлінің қалдырған пікірі желі қолданушыларының назарын аударған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Тараған ақпаратқа сәйкес, Бидаш ақын Қадыр Мырза Әлінің әйел туралы айтқан нақыл сөзін бөліскен.

«Әйелдің кеудесіне қонақтама, зердесіне қонақта!» – делінген жазбада.

Бұл сөзге әнші Төреғали Төреәлі әзілмен жауап берген.

«Кеудедегі қос анар лифчиктен босанар, алса бізді түбінде ажал емес, осы алар», – деп жазғаны айтылады.

Әншінің жауабына желі қолданушылары да әзілмен пікір білдірген.

«Төреғали, саған айтамын, Жахан сен тыңда», – деп жазған оқырмандардың бірі.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі бұған дейін де Threads желісінде әйел мен ер адамның қарым-қатынасына қатысты жазбаларымен көпшіліктің назарын аударған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...