«Бұлай азғыруға болмайды»: Гүлзира Айдарбекова Роза Әшірбаеваның сөзіне шүйлікті

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
185

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Роза Әшірбаеваның отбасылық қарым-қатынасқа қатысты айтқан пікіріне жауап беріп, оның кейбір ойымен келіспейтінін білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ақылдасуын қалыпты жағдай деп санайтынын жеткізген. Сондай-ақ ол кейінгі кезде жастар арасында үлкенді құрметтеу мәселесіне алаңдайтынын айтты.

«Сұранса, бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе, қарағайдай маңдайына мүйіз шығады ма екен? Жастар онсыз да үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті. Үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды», – деді ол.

Продюсер мұндай кеңестердің отбасындағы ауызбіршілікке кері әсер етуі мүмкін деген пікір білдірді.

«Ал күйеуіңнен сұрансаң, не болыпты? Бір жағдай болып қалса, жүгіретіні де сол отбасың, күйеуің емес пе, әрине, Роза емес. Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Осылайша, продюсер Роза Әшірбаевамен жеке қарым-қатынасы жақсы екенін атап өткенімен, оның отбасылық мәселеге қатысты пікірін қолдамайтынын ашық білдірді.