«Баян аруы деп атаңдар»: Қуат Хамитов «Қазақ аруы» байқауына қатысты мәлімдеме жасады

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
159

Танымал спортшы Қуат Хамитов Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2026» ұлттық сұлулық байқауына қатысты өткір пікір білдірді. Ол байқаудың атауын өзгертуді ұсынып, қатысушыларға қатысты да сыни көзқарасын жасырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында «Қазақ аруы» атауы бүкіл ұлтқа қатысты екенін айтып, мұндай байқаудың мазмұны мен қатысушыларына көңілі толмайтынын жеткізді.

«Бұл байқауды «Қазақ аруы» емес, «Баян аруы» деп өзгерту керек! «Қазақ» деген сөзді айтқанда, бұл бүкіл ұлтқа, бәрімізге қатысты болады», – деп жазды Хамитов.

Ол елімізде сұлулығымен ғана емес, тәрбиесімен де ерекшеленетін лайықты қыздар көп екенін алға тартты. Сонымен қатар байқауға қатысқан бойжеткендердің ниетіне күмән келтірді.

«Біздің ұлтымызда әдемі, лайықты қыздар жетерлік. Ал бұлар назар жетіспегендіктен жүргендер. Олардың бұл байқауға не үшін қатысатынын бәріміз жақсы білеміз», – деді спортшы.

Айта кетейік, 3 қарашада Алматыдағы Республика сарайында продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Қазақ аруы – 2026» байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 22 бойжеткен қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 20 жастағы алматылық Асылым Өтепберген жеңімпаз атанды. Ол көрермендердің онлайн дауыс беруінде 17 164 дауыс жинап, бас жүлдені иеленді. Жеңімпазға арнайы тігілген шапан мен шетелге саяхат жолдамасы табысталды

ЖАҢАЛЫҚТАР

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман экс-к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның үш университеті Азиядағы ең үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кірді. Еліміз Орталық...