Танымал әнші Қайрат Нұртас ТМД елдерін аралап, концерттік тур жасауға дайындалып жатыр, деп хабарл...
«Бес алты адамға не беташар»: Динара Сәтжанның келін түсіру рәсімі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
коллаж MadeniPortal.kz
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасындағы қуанышты сәттер әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Жүргізуші ұлы Даниалдың қалыңдығы Айнұрды ұзатып алып, шаңырағына келін түсірген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан кадрлар жариялап, келін түсіру рәсімінің аяқталғанын қысқа ғана жеткізді.
«Миссия орындалды», – деп жазды ол.
Алайда көпшіліктің назары беташар рәсіміне ауды. Желіде тараған кадрлардан рәсімнің түнгі уақытта өткені байқалады. Бұл жайт оқырмандар арасында түрлі пікір туғызған.
" Екі келіннің екі жағында ешкім ұстап тұрған жоқ бес алты адамға не беташар", "Кеудесін ұстап сәлем етпейді ғой", "Әлемде жоқ сәлемді салды ғой,қасындағы абысындары қайда, не орыс емес,не қазақ емес", - деп жазды желі қолданушылары.
Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары келіннің сәлем салу мәнерін және беташарда жанында тұрған жеңгелердің орамал тақпағанын сөз еткен. Бірқатар оқырман дәстүрдің орындалуына қатысты сын айтса, өзгелері жас отбасыға бақыт тілеген.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан келін түсіруді үлкен жауапкершілік деп санайтынын айтып, өзі үшін ең бастысы балаларының бақытты болуы екенін жазған еді.