“Көпшілік жақтырмауы мүмкін”: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы шындықты айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
149

Әнші Абай Бегейдің ерте тұрмысқа шыққан қызы Сымбат отбасын құруы қалай болғанын айтып, жеке өміріне қатысты көпшілікке қызық бірақ белгісіз дүниелер туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сымбаттың сөзінше, ол тұрмысқа шығуды жоспарламаған. Алайда болашақ жары екеуі сөйлесіп жүрген кезде оны келісімінсіз алып қашқан.

Өнер иесінің қызы қазіргі отбасында өзіне қысым жасалмайтынын және еркіндігіне шектеу қойылмағанын атап өтті. Сондай-ақ қайын атасы мен енесінің қарым-қатынасы жақсы екенін айтты. 

«Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Күйеуге шығамын деп мүлде ойламадым. Күйеуімді қазір көпшілік жақтырмауы мүмкін. Бірақ шындықты айтайын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде айтқан жоқпын.

Мені алып кеткеннен кейін оның үйінен қашып кеттім. Кейін олар әкеме келіп, рұқсатын алды. Қазір бұған еш өкінбеймін. Күйеуім екеуміз бірге түрлі қызықты сәттерді бастан өткеріп жүрміз», – деді Сымбат.

Сымбат 18 жасында ана атанған болатын. Қазір 1 ұлдары бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күніне орай білім беру саласының бірқатар қызметкерін мемлеке...

PESTEL

Өзбекстанның Жызақ облысында 10 жастағы балаға екі ай бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық...