Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова бұрынғы күйеуіне арнап жазба жариялады, деп хабарлады М...
«Бітті бәрі де »: Қайрат Нұртастың анасы жантебірентерлік жазба жариялады
ашық дереккөз
Продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өмірден өткен ағасы Сәбитті еске алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Ол бауырынан айырылудың ауыр қайғысы туралы айтып, ағасына арнап жоқтау жазғанын жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, кезінде анасы Зайфунун да ағасынан айырылғанда жоқтау айтып, ішкі күйзелісін жыр арқылы жеткізген. Енді осындай ауыр қайғы өзінің де басына түскенін жазды.
«Өзім ерекше жақсы көретін ағам, сағынып кеттім, бір иіскеп, маңдайыңнан сүйіп кетсем деген бауырлар чатындағы голосовойлары әлі тұр. Жүрегімнің жылауын жырлау үшін осы өлең жолдарын ағама арнадым. Мен бұл әнді айтпақ түгілі, басын бастағаннан кеудемді өксік кернеп, тұншыға бастаймын. Сол себепті ИИ мен жоқтауымды өз оқырмандарыма жеткізгім келді», – деп жазды ол.
Продюсердің айтуынша, отбасында бес ұл, үш қыз болған, бүгінде төрт бауыры өмірден өткен. Ол ағасы Сәбиттің артында көп игі іс қалғанын да атап өтті.
Айдарбекова ағасының Алматы шетіндегі Бұлақты ауылына жарық тартуға, жол салуға атсалысқанын, жүз түп ағаш отырғызғанын және үлкен зират аумағын қоршауға көмектескенін жазды. Сондай-ақ көпір салдырып, жергілікті тұрғындарға қолдау көрсеткенін еске алды.
«Сәбит ағамның әрбір жасап кеткен ісіне бүкіл қоршаған ортасы, көршілері тек разылығын айтып, жүректері жылап тұрды. Алматының шетіне Бұлақты аулына жарық кіргізіп, тас жол салдырып, 100 тал егіп, соншалықты өте үлкен зиратты түгелімен қоршатып, араға көпір салдырып, мына жақтан жер алыңдар деп елге көмектесіп...», – деп бөлісті Гүлзира Айдарбекова.
Ол бауырынан айырылған жандарды өмірден өткен жақындарын еске алып, Құран бағыштауға шақырды. Продюсер енді марқұмдарға жасайтын ең үлкен жақсылық – дұға мен Құран екенін жеткізді.