«Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз»: Қайрат Нұртастың анасы келінінің үйсіз қалғанына пікір білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2935

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының Қытай еліне жоспарланған ән сапарынан басталатынын айтты, деп хабарлады  madeniportal.kz.

“Қытайдың 17 қаласына 10 жылдан аса концерт өткізгенбіз. Үрімші, Тарбағатай, Алтай өңірлерінен бастап жылда сұраныс көп болады. Ол жақта қандасымыз өте көп. Бүкіл жергілікті тұрғындар қалмай келіп, ине шаншар орын болмайтын. Алдағы уақытқа шақырту алдық”, – деп жазды продюсер. 

Алайда желі қолданушылары “үлкен келіні мен балалары пәтер жалдап жүргенде неге концерт жоспарлайсыздар” деп сөкті.

Гүлзира Үсенқызы оқырман сұрағын жауапсыз қалдырмады.  

“Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз?! Айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой. Бүгін болмаса ертең болар?! Алданса, күресіп шыңдалады. Жас емес, күресіп көрсін, піссін, нәтиже шығарсын. Одан жаман болмайды. Түбі қарап қалмаймыз. Ұрпақ менікі. Сіз былықтырып от үріп жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі”, – деп жазды медиа менеджер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...