“Бұралаң сөз бұтыма”: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сынға жауап берді

Фото: ЖИ

Шоу-бизнес
168

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір жазғандарға жауап берді. Ол денсаулығына қатысты тараған ақпаратқа байланысты ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жазба авторының айтуынша, желіде оның денсаулығы сыр бергені туралы хабар тараған. Осы ақпараттың астына жағымсыз пікір қалдырғандарға ол күнделікті кәсібімен айналысып жүргенін айтып жауап берген.

“Хейтекеш хейтекеңдер денсаулығы сыр берді деп жаңалық ашып, соған аңғал адамдар қарғап, шаршап коммент жазып отырғанда, мен шүкір, саудамды жасап отырмын. Бұралаң сөз бұтыма”, – деп жазды ол.

Осылайша, келіншек өзі туралы айтылып жатқан әңгімелерге қарамастан, саудасын жалғастырып жүргенін жеткізді. Жазбасында ол өзіне бағытталған сын мен жағымсыз пікірлерге өткір жауап қайтарған.

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...