Әнші Алтынай Жорабаева жақын адамдарына деген ренішін білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz kyn.kz...
«Ешкімнің тоқалы болған емеспін»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі некесіне қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман Талғатқызы жеке өміріне қатысты пікірлерге жауап берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ешқашан біреудің көңілдесі немесе тоқалы болмағанын айтып, некесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Айман Талғатқызы Instagram желісіндегі сторисінде көпшіліктің талқысына түсуі мүмкін жазба жариялады. Ол өзіне қатысты айтылып жүрген пікірлермен келіспейтінін білдіріп, қарым-қатынасының алғашқы күнінен бастап діни некеде болғанын мәлімдеді.
«Ешқашан ешкімнің любовницасы да, тоқалы да болған емеспін. Бірінші күннен Алла алдында мешітке барып некелескен, мұсылмандық жолымен, шариғат жолымен некелескен некем бар. Менің де, оның да бір-ақ рет», – деп жазды Айман Талғатқызы.
Ол жазбасында ресми неке мен діни некеге қатысты өз көзқарасын да білдірген. Сондай-ақ өзгенің жеке өмірін сынайтын адамдарға қарата өткір пікір айтқан.
«Үкіметтің бір парағына мәз болып жүргенде, өзінің зина жасап жүргенінен хабардар бол», – деді ол.
Бұдан бөлек, Айман Талғатқызы болашақта не болатынын білмейтінін, алайда елдің сөзіне қарамастан өз ұстанымынан бас тартпайтынын жеткізді.
«Алда не болатынын да білмеймін, Құдай емеспін. Қайсың не десең де, қалай қарасаң да, Құдай қаласа, жер тұрғанда тұратыным анық!» – деп жазды ол.