“Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді”: Аша Матайдың жазбасы оқырмандарын ойландырып қойды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1007

Әнші әрі актриса Аша Матай әлеуметтік желідегі күтпеген жазбасымен тыңдармандарының назарын аударды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желідегі парақшасында Аша Матай ішкі күйзелісін бөлісіп, өмірден шаршаған сәттері болатынын жазды. Дегенмен, мұндай көңіл-күйден шығуға көмектесетін шағын қуаныштар болатынын да айтқан. 

«Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді, бірақ дәл сол сәтте күннің нұры, жақсы сөз немесе бір күлімсіреу бәрін өзгерте алады. Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті. Жақсылықты көре біл — жүрегің де, өмірің де нұрланады», – деп жазды ол. 

Аша Матайдың мұндай жазбасынан кейін желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырды. Көпшілігі әншінің ашықтығына ризашылық білдіріп, жылы сөздерін арнады: «Сіздер неден шаршайсыздар осы?», «Шаршауға болмайды, қызым. Ашатай, мықтысың!», «Сұлу, сымбатты Аша!», «Қылығың маған ұнайды» – деп жазды әншінің тырдармандары мен оқырмандары.