«Келер жылға жоспарлап жатырмыз»: Медеу Арынбаев ел күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
1020

Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында қонақ болып, келесі жылы ұлын үйлендіріп, келін түсіретінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің сөзінше, баласы қазір өзінің сүйген қызымен жүр, ал ата-ана ретінде олар жастардың шешіміне құрметпен қарайды.

"Келер жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Қазір қол ұстасып жүрген қызы бар. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі біледі. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым "ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар" деп айтып жүремін. Ең бастысы – бақыттары баянды болсын" – деді Медеу Арынбаев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...