«Реніш болмауы керек»: Айдана Меденова «Кешьюдің» 20 жылдық концерті туралы айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
125

Әнші Айдана Меденова “Момский әңгіме” подкастында 20 жылдық концертте болмау себебі мен ажырасатыны туралы ақпараттың анық-қанығын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ең бірінші Айдана Меденова өнерге қайта оралғаннан кейін Баян Мақсатқызы хабарласып, шоу жасайтынын айтып қолдайсың ба деп сұрағанын айтқан. Әнші ұзақ уақыт үзілістен кейін бірден жеке шығармашылығына кірісіп кете алмағанын, 20 жылдық концерттің дайындығы 2 ай өте тығыз графикпен болғанын жеткізген. 

Айдана Меденова Кешью тобының Астанада өткен 20 жылдық концертіне неге қатыспағаны туралы да айтып өткен. Ол өзінің елордада өткен шоуға қатыспауын графигінің тығыз болуымен түсіндірген. 

"Менің графигім өте тығыз. Бірінші концерт біткен соң Бағым Мақсатовна бірден хабарласты. “Екінші концерт болса сен келе аласың ба” деп. Мен “Кешіріңіздер мен бұл жолы бола алмайм. Себебі ол айда менже бәрі қарбалас болып тұр. Алдағы жарты жыл бос емеспін” деп айттым”. 

Сондай-ақ, әнші “Ешқандай реніш болмауы керек еді, себебі мен алдын ала айттым” деп қосып өтті. 

Сонымен қатар әнші өзінің 1 жыл күйзелісте болғанын да айтып берген. Оған себеп әкесінің дүниеден өткені болғанын да ашық айтқан. 

“Әкемді жоғалттым. Содан кейін 1 жыл бойы депрессияға жақын күй болды. “Неге ән айтып жүрмін” деген ой болды. Ал, мұрдай жағдайда мен тойлатып жүруді, мерекелік көңіл-күймен жүруді мүлде қаламадым”. 

Айта кетейік, Айдана Меденова “күйеуімен ажырасайын деп жатыр” деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтып өткен. Ол күйеуімен барлық жерде бірге жүретінін барлығы білетінін мысал еткен. 

PESTEL

Түркияның Каппадокия аймағында туристер көп баратын табиғи жартас түзілістерінің бірі опырылып, үш а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында математика пәнінің мұғалімі кішкентай ұлы мен бірге тұрған әйелін...