Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының өмір салты мен...
"Ұсынысты қабыл алдым": Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден
Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің айтуынша, оған "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Мөлдір Мұқан бұл шақыртуды қабыл алғанын жеткізді.
"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін", – деді ол.
Белгілі болғандай, Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды.
Ұсыныс түскен сериал не туралы болатынын да қысқаша айтып өткен. Жобада дәрігерлердің еңбегі, медицина қызметкерлерінің күнделікті қызметі және олардың қоғамдағы орны көрсетілмек.
"Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін", – деді Мөлдір Мұқан.