“Шапалақты өзім сұрап алдым”: Ерке Есмахан концертте ыңғайсыз жағдайға тап болды

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
726

Танымал әнші Ерке Есмахан концертте әнін орындап болып халықтан қошеметті өзі сұрап алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Халықтың ерке қызы ән айтып болып сахна алдына келіп өзі үшін арнайы жасалған плакатты алып жатып халықтың тып-тыныш болып қарап тұрғанын байқап, “дауыстарыңыз қайда?” деп әзіл аралас сұрақ қойған. Келген көрерменнің сүйіспеншілі сол сөзден кейін бірден сезілген. 

Сондай-ақ, концертке барған Қаратау қаласын сөз арасында “ ауыл” деп айтып қалған әнші ол сөзі үшін де кешірім сұраған. 

Айта кетейік, әнші Раймға тұрмысқа шығып, екі ұл босанып декретте болған өнер иесі біраз үзілістен соң сахнаға қайта жаңа деммен оралды. Ерке Есмахан кейінгі уақытта ашық аспан астындағы концерттер мен іс-шараларда жиі бой көрсетіп жүр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...