Белгілі әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында тыңдармандарына тосын жаңалығын бөлісті. Ол к...
«Нью-Йоркта қыздармен демалып жүр»: Жанқош Тұраров жайлы қауесет тарады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың АҚШ жүргені белгілі болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Threads әлеметтік желісінде спортшыны көшеде байқап қалған қыз жазба қалдырған.
«Кеше бір бабник спортшы ағамызды Нью-Йоркта көріп қалдық. Қыздармен жүр әшейін демалып. Әйел баласы Қазақстанда. Недеген шыдам деймін сол кісілердің әйелдерінде», - деді желі қолданушысы.
Ал боксшы Жанқош Тұраров болса бұл жазбаға бей жай қалдырмай, жауап жазды.
«Ағайымнан бастап, біздің командамен жаның қалмай амандасқан қарындасым сен емес пе едің кешегі? Іріткі саларда ойланып жаз, Алладан қорқпағаннан қорқу керек деген рас екен! Шет елде жүріп қандастастарды көргенде ішіміз жылып қуанып қалушы едік, мынауың ұят қарындасым!», - деп жазды Тұраров әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров зорлады деген қыз туралы тың мәліметтер шыққан еді.
