Дариға Бадықованың Тараздағы сән-салтанатты қарсы алуы сынға ұшырады

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
107

Таразда «Соңыра» фильмінің актерлері Дариға Бадықова мен Олжас Абайды өрт сөндірушілердің арнайы киіммен және қызметтік техникамен қарсы алуы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Танымал актерлер Тараз қаласына фильмнің премьерасына келген. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Дариға Бадықованың арнайы киім киген құтқарушылармен қол алысып амандасқаны көрінеді. Сондай-ақ олардың артында өрт сөндіру көлігі мен қызметтік автокөліктер тұрған.

Желі қолданушылары актерлерді қарсы алуға құтқарушылар мен арнайы техниканың жұмылдырылуына наразылық білдіріп, қызметтік көліктерді мұндай мақсатта пайдаланудың қаншалықты заңды екенін сұрады.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, 20 қарашада Тараздағы MART сауда орталығында фильмнің шығармашылық тобымен кездесу және арнайы техникалар көрмесін өткізу жоспарланған.

Қоғамдағы сыннан кейін ведомство Threads әлеуметтік желісінде кездесу құтқарушы мамандығын насихаттау және оның қоғамдағы беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын түсіндірді.

Департаменттің мәлімдеуінше, қызметкерлер іс-шараға қатысуға өздері ниет білдірген. Ал арнайы техника мен жабдықтар көрме өткізу үшін пайдаланылған. Кезекші ауысымдар өз міндеттерін жалғастырып, төтенше жағдайларға әрекет етуге дайын болған.

 

Айта кетейік, өрт сөндірушілердің өмірі мен қызметіне арналған «Соңыра» фильмінің премьерасы 18 қарашада Астанада өткен. Оған Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысып, Дариға Бадықова мен Олжас Абайға алғыс хат табыстаған. Фильм 19 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2027 жылы жүктілік пен босануға байланысты берілетін ең жоғары әлеуметтік төлем мөлшері...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың тұңғыш антропологы, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым ака...