«Назарбаевтың адвокатысың»: Сара Тоқтамысова айтыстағы саясат мәселесін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1256

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Айтыскер айтыста саясатты айтатындарға қатысты ойын айтты.

"Жалпы айтысқа шыққанда кез келген ақын шындықты айттың ба деп сұрайды. Ал абсолютті шындық Құранда ғана. Айтыста көп мәселеге тоқталамыз. Алайда көп жас ақындар саясатты соғып жатады. Тіпті Назарбаевтың тұсында өмірге келмесе де шығып алып, "30 жылдың былығында не көрмедік" деп айтып отырады. Мен айтам сен ол кезде дүниеге келген жоқсың. Халыққа шындықты айту керек.  Кез келген айтысымды қарасаңыз, менің ұраным зерттеу. Бас көзсіз сахнада отырып патшаны айту мәдениетсіздік деп білемін", - деді Сара Тоқтамысова.

Сара Тоқтамысова Нұрсұлтан Назарбаевқа жыр арнаймын деп, ақындар арасында "оның адвокаты" атанып кеткенін айтты.

"Үш жүздің басын қосқан Нұр ағама, Жарасады көрсетсең де қандай құрмет, Ағарды Нұр ағамның самай шашы, Үш жүздің басын қосамын деп", деген үлкен конгресс холлда айтқан жыр шумақтарым бар. Кейін осы жыр үшін ақындар арасында "Назарбаевтың адвокаты" атанып кеттім", - деді айтыскер ақын.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...