“Раймның брендтерін бере аламын”: Ерке Есмахан “Қайрат” футболшыларына қандай сыйлық бере алатынын айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
547

Танымал әнші Ерке Есмахан Алматыға келген «Реал» ойыншыларының бренд сөмкелеріне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ерке Есмахан бренд дүниені ұстаудың өзінің құндылығы бар екенін, оның мотивация болатынын айтты.

«Түнде қолдарына бір-бір емес, екі-екіден Луи Витон ұстаған жігіттер Алматыға келіп қалыпты. Бренд деген тек қымбат зат емес, мың жылдық тарихы бар дүние. Бұндай заттарға еңбектеніп қол жеткізіп, мақтанышпен ұстап жүрудің өзі статус. Мысалға мына миллионер футболистер сияқты. Мұны сіздерге тек мотивация болсын деп айтып жатырмын. Бұл әңгімем адами, рухани, имани құндылықтарымызға қатысы жоқ. Сөзімді тереңірек түсінсеңіздер. Бренд кимейтін, бриллиант тақпайтын адамға «қарапайым» деп баға бермеңіздер. Керісінше, ақшасы көп, брендке малынып жүретін адамдар тіпті қарапайым не қайырымды болатынына көзіміз жетіп жүр. Әр қазақ бақытты және бай болуға міндетті мен үшін.

Реалдың ойыншыларының қымбат көрінісіне баға беріп болған әнші қазақ футболшыларына көлік болмағанмен не сыйлай алатынын жазған. 

Ал біздің футболистерімізге үйдегі Раймның брендтерін бере аламын», - деп жазлы ол. 

Сөз соңында Ерке Есмахан бүгінгі матчта "Қайратқа" сәттілік тілеп, "Ертең жұдырықтай жұмылып Қайратқа қолдау көрсетейік" деп қорытындылады. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...