Тележүргізуші Диана Скатова той көйлегіне қатысты күтпеген құпиясын бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
200

“Қалаулым” бағдарламасында тележүргізуші болып танылған Диана Скатованың үйлену тойы өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Диана Скатова әлеуметтіа желіде тойынан әдемі фото-видеолар жариялап, той көйлектерін көрсеткен. Айта кетерлігі, танымал тележүргізушінің тойына киетін негізгі көйлегі 3 күнде тігілген екен. Бұл туралы Диананың өзі желіде бөліскен. Сондай-ақ, ол тойда бір көйлекпен шектелмей, 2 образ киген. 

Әдеттегідей, тележүргізушінің өзіне арнап тігілген көйлегіне қатысты пікірлер екіге бөлінді. Басым бөлігі Диананың өте әдемі болыптұрғанын, көйлегі жарасып тұрғанын жазып, бақыт тілесе, әдемі тілектердің арасында “Көйлек тюль сияқты”, “Әдемі дайын көйлектер көп қой” деген секілді пікір жазушылар да бар.