«Бір уақытта екі әйелмен некеде болдым»: Танымал актер шындықты ашық айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
249

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов көпшілікке белгілі подкастқа қатысып, "көпәйелділік" тақырыбын өзінің өмірімен байланыстыра отырып бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сұхбатта Айдарқұлов өмірінде бір уақыттың ішінде екі әйелмен қатар үйлі болғанын мойындады. Ол бірінші әйелімен ресми некеде болса, екіншісімен діни «неке» арқылы байланысқан.Актердің айтуынша, екінші жарымен ол фильм түсірілімі кезінде танысқан. Сол кезде оның отбасында үш баласы бар, заңды некедегі ер азамат еді. Екінші неке құрғаннан кейін ғана бірінші әйеліне бұл туралы айтқанын жеткізді.

«Алдын ала ескертіп, болашақта ондай қадамға баруың мүмкін екенін ашық айтсаң, өзің де, отбасың да жеңілірек қабылдар еді. Мен ондайды жасамадым. Өзім де екінші рет үйленемін деп ойламадым. Сол үшін өзімді кінәлаймын. Өйткені бірінші жарым маған толық сенді», — деді ол.

Сұхбатта ол депутат Абзал Құспанның Қазақстанда көпәйелділікті заңдастыру туралы ұсынысына да пікір білдірді.

«Бір депутаттың көпәйелділікті заңдастыруға қатысты ұсынысын естігенмін. Оның да өзіндік уәждері бар сияқты. Өйткені ондай жағдайлар онсыз да бар, әсіресе жағдайы жақсы адамдар арасында. Ал ол некеден туған балалар кейбір әлеуметтік төлемдер мен құқықтардан қағылады. Осы тұрғыда ұсынысы бір жағынан әділ көрінді», — деді Айдарқұлов.