«Үш жыл бойы аш жүрмін»: Танымал блогер Астанаға көз салды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1538

Блогер, актриса Әсел Асқар алдағы уақытта Астанаға келетінін және жаңа жобаларды қолға алғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол Мира Ахмадиға берген сұхбатында бас қаламыз Астанада жаңа фильмнің тұсаукесеріне қатысқанын және қосымша тың жобаларға назар аударып жүргенін айтты.

 «Иә, біз қаңтар айында түсірген фильмнің тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ Астанаға тағы бір себеппен келдім, оны сәл кейінірек айтамын. Жалпы, біраз уақыт осында жұмыс істеп көргім келеді. Өйткені, Астананың нарығы ашық әрі жақсы», - деді ол.

Актриса әрі блогер Әсел Асқар кейінгі үш жылда ізденісте жүргенін айтып, қолынан келсе жобалардың бәріне қатысатынын айтып, өзінің ұсыныстарға ашық екенін жеткізді. 

«Шынымды айтсам, мен қазір жобаларға аш жүрмін. Соңғы үш жыл бойы мен жобаларға қатты бір талап қоймаймын. Ұсыныс болса, бәріне қатысуға дайынмын», - дейді ол. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...