YE концерті: 15 тамыздағы шоуға келушілерге маңызды ақпарат

Фото: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
430

YE концертінің 14 тамыздан 15 тамызға ауыстырылуына байланысты көрермендердің назарына маңызды ақпарат айтылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концерт 15 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді. Көрермендер алаңға сағат 16:00-ден бастап кіргізіледі, бұл 14 тамызға жоспарланған кіру уақытымен бірдей.

14 тамыздағы концертке сатып алынған барлық билет жарамды болып қалады және 15 тамызда сол билеттермен кіргізіледі. 

Концерт алаңына кіру үшін билеттер сканерленеді. Тексеруден өткеннен кейін бұрын берілген білезіктер жаңартылады. Қазір концерт өтетін алаң мен жауапты қызметтер іс-шараны өткізуге толық дайын. 

Көрермендерден маршрутты алдын ала жоспарлап, ықтимал көлік кептелістерін ескеріп, концертке мүмкіндігінше ертерек келуді сұраймыз. Стадионға кіру билетте көрсетілген секторға сәйкес жүзеге асырылады. Кіру схемасымен алдын ала танысып, алаңдағы навигацияны басшылыққа алу сұралады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы үш оқушысы ауруханаға жеткізілді. Осылайш...