“Жалғыз қалсам жылай беремін”: Қайрат Нұртастың анасы қазіргі жай-күйін бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
249

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Танымал әншінің ата-анасы үлкен үй алып, шаңырақтарына танымал достарын шақырып той жасап, әлеуметтік желіде көптеген видеолар тараған еді. Сол жерде Гүлзира Айдарбекова көңілді көрініп, үйін өзі таныстырып жүргені байқалады. Көпшілік оны ағасының жылы өтпей жатып қоныс той жасады деп айыптаған. Продюсердің өзі бұл сынға жауап берді. 

"Көбісі сынап жазып жатыр қоныс той жасады, ағасының топырағы да кепкен жоқ деп. Мен сәл көңілім ауланып жүргеніммен, жалғыз қалсам жылай беремін. Ол ағамды өте қатты жақсы көрдім. Оңай тимеді. Бірақ түсінгенім қанша жерден тырыссаң да Алланың дегеніне қарсы тұра алмайсың. Алланың дегені болады екен. Ұмытшақтық пайда болды, көзім нашарлады. Көңіл айтып оның үстіне құттықтап кіріп шығайық дегендерге жоқ дей алмадым. 8 бауыр едік, төртеуміз-ақ қалдық", - деді ол.  

СПОРТ

29 қыркүйекте Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының кезек...

СПОРТ

Кеше, яғни 29-нан 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан...