"Қазаққа дәлелдей алмай келемін": "Халық әртісін" алмаған Майра Мұхамедқызы жанайқайын жеткізді

Фото интернеттен

Шоу-бизнес
5312

Қазақстандық танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер саласында неше жыл жүріп, әлі күнге дейін "Халық әртісі" атағын ала алмай жүргеніне күйінді. Өнер иесі еңбегі шетелде көбірек бағаланып жатқанын айтып, желіде жанайөайын жеткізді, деп жазады madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасай отырып.

Майра Мұхамедқызы еңбегі мен өнерін қазақ халқына дәлелдей алмай келе жатқанын айтып, Instagram-дағы парақшасында өкінішін білдірген. Өнер иесінің сөзінше, Қырғыз ұлттық консерваториясы оған "Құрметті профессор" атағын берген.

"Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп менің шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімде ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақы 17 мың тенгемен бағаланыпты. Күлкім келеді ойласам. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың де! Ал Қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған маған. Ал біздегі атақ жәйлі ойлаудың өзі жаныңа батады. "Халық әртісі" атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояын. Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай, бағатала алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. "У Вас все впереди» дейтіндерге айтарым: Атаңның басы! Осындай халықаралық іс шараларда мені "ҚР халық әртісі" деп жариялағанда бетімнен от шығып, көңіл-күйім бұзылады. Біреулер айтқандай: Сертификаты жоқ халық әртісісің дегенде жүргізушіге жүгіріп барып "өтініш, жәй сопрано-Майра Мухамедқызы Қазақстан деп айтыңызшы" деймін. Е, бір кем дүние, де", - деп жазды опера әншісі.

 

 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...