Танымал тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан желідегі парақшасында өзінің қандай ене болатынын айт...
Жазира Байырбекованың сіңілісі күйеуі көзіне шөп салғанын айтты
әлеуметтік желіден
Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында неке адалдығы мен опасыздық тақырыбын қозғап, өткір жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Назира Байырбекованың пікірінше, өзін бағалайтын, жеке шекарасын нақты белгілеген әйел үшін отбасындағы адалдық басты құндылықтардың бірі болуы керек. Ол мұндай әйелдер жұбайының опасыздығын жасына немесе бірге өткізген жылдарына қарамастан кешірмейді деп есептейді.
«Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер "изменаны" кешірмейді», – деп жазды ол.
Ол тіпті егде жаста да опасыздыққа көз жұма қарамау керек деген ойын білдірген.
«Олар 60, 70, 80 жаста болса да неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Олар ертең өлетін болып тұрса, ал бүгін сыңары көзіне шөп салса, бүгін ажырасады. Өмірінің соңғы күні болса да», – делінген жазбада.
Назира Байырбекова әйел адамның өзін қорлауға немесе қадір-қасиетін таптауға жол бермеуі керектігін де атап өтті.
Жазбасының соңында ол:
«Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп түйіндеген.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова да әлеуметтік желіде төрт баласы бар ер адамның басқа әйелмен қарым-қатынасы туралы жазып, «отбасын бұзған әйелдерді» жұртқа жариялау жөнінде пікір білдірген еді. Алайда Назира Байырбекова өз жазбасының әпкесі көтерген жағдайға тікелей қатысты екенін нақты айтпаған.