Заңсыз алкоголь — қоғамға төнген қатер: Елордада қауіпті алкоголь айналымы тоқтатылды

Madeniet Portaly

СПОРТ
165

Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Астана қаласында суррогатты алкогольдің заңсыз көтерме саудасымен айналысқан нысан анықталды. Бұл дерек азаматтық бақылау аясында «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің «Абырой» жасағы жүргізген іс-шаралар барысында белгілі болды.

Тексеру кезінде «Гүлсара» дүкенінен 1280 литр заңсыз алкоголь өнімдері табылды. Іс-шара барысында түсірілген бейнематериалдарда дүкен иесінің суррогатты алкогольді самогон аппараты арқылы өзі өндіріп, кейін оны сатумен айналысқанын мойындағаны көрінеді.

Аталған факті бойынша оқиға орнына құзырлы органдар мен арнайы топ келіп, заңсыз өнімдер тәркіленді. Жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін жауапты органдарға жолданды.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда суррогатты алкогольді тұтыну салдарынан күн сайын кемінде бір адам қайтыс болады. Мамандар мұндай заңсыз әрекеттердің адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, қоғам үшін ауыр салдарға әкелетінін атап өтеді

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...