Парижде күміс алған қытай спортшысы даяршы болып жұмыс істейді

Фото: metaratings.ru

СПОРТ
2438

Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған қытайлық гимнаст еліне оралған соң бірден өзінің бұрынғы жұмысына кірісті, деп жазады madeniportal.kz 1bol.kz порталына сілтеме жасап. 

Ол ата-анасына тиесілі шағын тамақтану орнында даяршы болып қызмет атқарып жүр.

Яцинь Чжоу Парижде өткен ойындарда Италия спортшысынан кейінгі сатыға жайғасып, екінші орынға ие болған еді.

Оның тұғырда тұрған сәті көпшілік назарына ілініп, әлем бойынша талқыға түскен.

Спортшы Олимпиададан кейін бірден өз жұмысына кіріскенін тамақтану орнына келген қонақтардың бірі байқаған.

Ол спортта жоғары жетістікке жеткеніне қарамастан, ата-анасына көмектесуді ұмытпағанын әлемдік БАҚ жаппай жазып жатыр.

Яцинь Чжоу Олимпиадада марапаттау рәсімінде Италия спортшыларына таңдана қарауымен ерекше назарға ілінді.

Жүлде алған спортшылардың медальды тістеп көргеніне таңданып, өзі де жүлдесін тістеп көрген еді.

Спортшы спорттық гимнастика бойынша бөренедегі жаттығуды көрсетіп, көптеген спортшыларды қапы қалдырды.

Оның ішінде 7 дүркін Олимпиада чемпионы, америкалық Симона Байлз да бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...