Шайдоровтың өнерін төмен бағалаған қазақстандық төреші сынға ұшырады

Фото: Сали Сабиров

СПОРТ
392

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық төреші Надежда Парецкаяның бағалауына қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желі қолданушылары оның шешімдері отандық спортшыларға әділетсіз болды деп санайды.

Пікір білдірушілердің айтуынша, Парецкая еркін бағдарламадағы алғашқы прокатта Михаил Шайдоровқа небәрі 7-орын беріп, спортшыны қиын жағдайға қалдырған. Нәтижесінде қысқа бағдарламада 5-орын алған Шайдоров жоғары нәтиже көрсету үшін үлкен тәуекелге барып, бес секіруден тұратын күрделі бағдарлама орындауға мәжбүр болған.

Сонымен қатар төреші қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның бағасын да төмендетті деген сын айтылуда. Ал ресейлік спортшы Аделия Петросянға құлау мен айқын қателіктерге қарамастан ең жоғары — 10 балл қойғаны жұрттың наразылығын күшейтті.

Желі қолданушылары:
«Неге Олимпиадаға төреші ретінде Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева жіберілмеді?» — деген сұрақ қояды.

Сондай-ақ жұртшылық Геннадий Головкинге де үн қатып, Надежда Парецкаяның кандидатурасын кім қолдап, кім лоббилағанын анықтауды талап етуде. Олардың пікірінше, төреші ресейлік спортшыға жанкүйерлік танытып, ал қазақстандық екі спортшыға әділетсіз баға берген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...