Қысқы Универсиадада Кирилл Бауэр қола жүлде иеленді

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1542

Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр Италияда өтіп жатқан қысқы Дүниежүзілік Универсиадада қола жүлде иеленді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ерлер арасында өткен масс-старт жарысында ол 26 спортшының арасынан үздік үштікке енді. Отандасымыз 4 ату кезіңде барлығы 4 қате жіберіп, жеңімпаз франциялық Натанэль Пигвиннан 33.8 секундқа есе жіберді.

Бұл жүлде – спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы екі спортшысы жүлделі орындарға ие болған еді: Никита Акимов алтын медаль жеңіп алса, Арина Крюкова қола жүлдені еншіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...