Нариман Құрбановтың Ақордағадағы жиынға неліктен қатыспағаны белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2069

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасының жүлдегерлерін қабылдады, деп хабарлады madeniportal.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ кездесуде күміс жүлдегер Нариман Құрбанов бой көрсетпеді. Көпшілік мұндай маңызды кездесуге спортшының неге келмей қалғанын сұрап, алаңдаушылық білдірді. Осыған орай Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли спортшының келмей қалу себебін айтты.

«Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Өкінішке орай Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ауырып қалуы себепті салтанатты шараға келе алмады. Оған тезірек жазылып кетуін, биік белестерді бағындыруын тілейміз», - деді Берік Уәли.

Президент пен Олимпиада жүлдегерлерінің кездесуі ертерек өтуі керек болатын. Бірақ кейбір спортшылардан ковид анықталғандықтан, кездесу кейінге қалдырылған еді.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...