Әлемде одан бір ғана спортшы алда: Шайдоров тарихи нәтижеге жетті

ҰОК

СПОРТ
420

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

22 жастағы қазақстандық спортшының еншісінде 4193 ұпай бар. Рейтингте одан тек америкалық Илья Малинин (4590 ұпай) алда тұр. Үшінші орынға жапониялық Юма Кагияма (4123) жайғасты.

Бұл – Қазақстанның ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін Шайдоровтың өзі де, марқұм Денис Тен де әлемдік рейтингте үшінші орынға дейін көтерілген.

Шайдоров екінші орынға Братиславада өткен Ондрей Непела мемориалында қола жүлде алғаннан кейін көтерілді. Бұл оның 2026 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейінгі алғашқы ресми жарысы болды.

Қысқа бағдарламада қазақстандық спортшы 95,98 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Қазір Шайдоровтың халықаралық жарыстарда жеңіп алған 17 медалі бар, оның бесеуі – алтын.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....