Дастан Сәтпаев бастаған «Қайраттың» 14 ойыншысы спорт шебері атанды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
141

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы берілді. Марапатталғандардың қатарында жас шабуылшы Дастан Сәтпаев та бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марапаттау рәсімі Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясында өтті. Құрметті атақты футболшыларға «Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов және Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев табыстады.

Аталған атаққа ие болған футболшылардың қатарында Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабұлат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат және Дастан Сәтпаев бар.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев қазір Англияда жүргендіктен, марапаттау рәсіміне қатыса алмады.

Салтанатты шарадан кейін футболшылар академияның жас тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ақыл-кеңестерін айтып, спортта биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» – спорттағы ең жоғары құрметті атақтардың бірі. Ол спортта ерекше жетістікке жеткен, халықаралық деңгейде ел намысын қорғаған спортшыларға беріледі. 

Шоу-бизнес

Белгілі репродуктолог Салтанат Байқошқарова актриса Дариға Бадықованың жаңа фильмінің тұсаукесерінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Құрманғазы ауданында тұратын зейнеткер үйінен шағын мұражай ашқан. Ғалымжан Мұқашевтың...