Қазақстандық футболшы Шотландияны шулатпақ

ашық дереккөз

СПОРТ
841

Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубының футболшысы атанды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Эдинбургтік команда қазіргі таңда ел чемпионатының турнирлік кестесінде сенсациялық түрде көш бастап тұр.

26 жастағы қазақстандық вингер клубпен 2028 жылдың жазына дейін есептелген ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды. Чесноков Шотландияға еркін агент мәртебесінде көшіп келді. Ол бұған дейін қостанайлық «Тобол» сапында өнер көрсеткен.

«Хартстың» Чесноковқа қызығушылығы бір күндік болған жоқ. Шотландиялық клуб қазақстандық футболшыны өткен жылдың қаңтарынан бері бақылап, қысқы және жазғы трансфер кезеңдерінде келісім жасауға тырысқан. Алайда сол кезде «Тоболмен» қаржылық шарттар бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

Бұл ауысым тарихи сипатқа ие. Ислам Чесноков Қазақстан атынан Шотландия чемпионатында өнер көрсететін алғашқы футболшы атанды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...