2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кейінгі өзіне қатысты әңгімелер бойынша ем қ...
Еліміздің намысын қорғаған алтыншы боксшы жартылай финалға өте алмады
Фото: ҚР ҰОК
1308
Қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының ширек финалында рингке шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
92 келіден жоғары салмақтағы кездесуде Нұрлан армениялық Давит Чалоянмен қарсы тұрды. Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша жеңіс бірауыздан Чалоянға бұйырды.
Нұрлан Сапарбай – Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2023, 2025). Ол әлем чемпионатының 1/8 финалында IBA-PRO лигасының өкілі Имам Раамезанпурделварды жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын. Ал Чалоян 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысқан тәжірибелі боксшы.