Ескекшілер Азия ойындарында екі бірдей жүлдеге ие болды

Фото: Olympic.kz

СПОРТ
371
Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.

 

                                           

 

Сондай-ақ, Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандықтар екілік-каноэде 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:44.972 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов қола жүлдеге ие болды. 

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....