Испаниялық команда “Реалмен” болатын матчқа 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
695

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчына 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйерлер келетінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Министрдің айтуынша, бұл іс-шара - оқиғалық туризмнің айқын мысалы. Бұған дейінгі ауқымды спорттық жарыстар еліміздегі инфрақұрылымның мұндай деңгейдегі оқиғаларға дайын екенін дәлелдеген. Сонымен қатар УЕФА тарапынан бөлінген арнайы квоталар да бар. Матчқа шамамен 4-5 мың шетелдік жанкүйердің келуі күтілуде.

Бүгінде біздің футбол қарқын алып келеді, инфрақұрылымымыз барлық стандарттарға сай. Ойын алаңы дайын, стадион УЕФА бағалауына сәйкес төртінші категорияға жатады. Біз спорттың адамдарды біріктіретінін, оларға үміт сыйлайтынын көрдік. Бұл әсер басқа спорт түрлеріне де ықпал етеді. Егер біз әлемдік тәжірибені қолданып, спортшыларымызға инвестиция құйып, академиялар ашсақ, халықтың рухы мен спортшыларымыздың қайсарлығының арқасында жоғары жетістіктерге жетеміз, - деді Ербол Мырзабосынов. 

Шоу-бизнес

Әнші Наркенже Серікбаева желідегі парақшасында жазбаларымен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...