Қазақстан Азия ойындарында медальдар есебінде 9-орында

Фото: ҰОК

СПОРТ
441

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 64 медаль бар. Оның тоғызы – алтын, 19-ы – күміс, 36-сы – қола. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан тоғызыншы орында тұр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

1 қазанда Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыз дзюдо, джиу-джитсу, слаломды есу, теннис және спорттық құзға өрмелеуден жүлдегер атанды.

Бұл күні Қазақстан құрамасы дзюдодан жоғары нәтиже көрсетті. Екі спортшымыз финалға дейін жетті. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ажар Асхат қарсыластарын жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Финалда ол Жапония өкілі Рин Маэдамен кездесті. Белдесу мерзімінен бұрын аяқталып, татами иесі жеңіске жетті. Осылайша, Ажар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат финалға шықты. Шешуші белдесуде ол жапониялық Сотаро Фудзивараға қарсы татамиге шықты. Белдесу иппонмен аяқталып, Жапония спортшысы жеңіске жетті. Ал Әділет Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді. Айта кетейік, отандасымыз жарысқа жарақатына қарамастан қатысқан. Финалдық белдесуде жарақаты одан әрі асқынып, дзюдошымыз күресті жалғастыра алмады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 64 медаль бар. Оның тоғызы – алтын, 19-ы – күміс, 36-сы – қола. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан тоғызыншы орында тұр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...