Ордабасы Бауыржан Исламханға аз жалақы ұсынуы мүмкін. Оған не себеп?

Фото: fc__ordabasy

СПОРТ
1410

Шымкенттік команданың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан биыл қыста "Ордабасы" сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтының жазуынша, Исламхан биыл ҚПЛ-да "Ордабасы" сапында 16 матч өткізіп, 1 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген. Сондықтан Бауыржанға клуб басшылығы жаңа келісімшарт ұсынғанда қазіргі алып жүрген жалақысынан аз ақша ұсынуы мүмкін. 

Шымкенттік клуб басшылары Исламханның маңызды ойыншы екенін жақсы түсінеді. Алайда соңғы екі маусымда команданың негізгі ойыншылар алмасқан жоқ. Бас бапкер Кирилл Кекер болса әзірге жастарға көп мүмкіндік беруде.

Бауыржан Исламхан 2023 жылы "Ордабасымен" бірег Қазақстан чемпионы атанған. Бұған дейін ол "Қайрат", "Астана", "Тараз" клубтарының сапында өнер көрсетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...