Мақсаты Олимпиада алтыны: Тәжірибелі дзюдошы Дидар Хамза татамиге қайта оралды

Фото: ҚР ҰОК

СПОРТ
295

Жақында ғана туған күнін атап өткен Азия ойындарының чемпионы, тәжірибелі дзюдошы Дидар Хамза татамиге қайта оралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

el.kz тілшісіне берген сұхбатында Дидар Хамза Олимпиада чемпионы болуға мүмкіндігі тоқсан пайыз екенін, ендігі додаға толық дайындықпен барса шыңға шығу ғана қалғанын айтып өткен.

Тоқсан пайыз мүмкін деп айта аламын. Екі Олимпиадаға қатыстым. Екеуінде де бірінші белдесуде мықты қарсыластармен кездестім. Бір Олимпиадаға жарақатпен бардым, екіншісіне аса дайын болған жоқпын, бір ай қалғанда ғана белгілі болып, шикі боп бардым. Егер толық дайындықпен, жарақатсыз барсам, жүлде алу мүмкіндігі өте жоғары. Шыңға дейін бардық, енді сол шыңның басына шығу ғана қалды. 

Дзюдошы Азия ойындарына нағыз бабында тұрған шағында барғанын, сол кездегі жеңіс өміріндегі ең есте қаларлық сәт екенін де жасырмаған.

Азия ойындарына нағыз бабымда бардым. Финалда соңғы секундқа дейін күрестік. Есеп 0:0 болып, ескерту арқылы жеңіске жеттім. Бұл – мен үшін тарихи сәт. Спорттық өмірімдегі ең есте қаларлық жеңіс. 

Дидар Хамза енді Әлем чемпионаты мен Олимпиада медалі ғана жетпей тұрғанын, алдағы мақсат сол екенін айтқан.

Азия ойындарының алтыны бар. Бірақ әлем чемпионаты мен Олимпиада медалі жоқ. Сол екі жүлде жетіспей тұр. Соларды алсам, спорттық мансабымдағы басты мақсат орындалды деп айта аламын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жамбыл облысындағы Шатыркө...