“Менің атым – әлемдік бокс тарихының бір бөлігі”: Головкин мәлімдеме жасады

Фото: olympic.kz

СПОРТ
934

Белгілі қазақстандық боксшы және World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залында өз атын естелікке енгізілуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Достар, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Менің атым Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді! Мен бокс әлемінде 35 жылдан бері боламын. Бұл ұзақ және оңай емес жол болды. Осы жылдар ішінде көп еңбек еттім, шешімдер қабылдадым және қадамдар жасадым, солардың нәтижесінде бүгінгі орныма жеттім. Енді менің атым – әлемдік бокс тарихының бір бөлігі. Бұл маған үлкен құрмет пен маңыз береді. Осы жолда мені қолдаған баршаға алғыс айтамын», – деп пікір білдірді Головкин.

Головкин ресми түрде Халықаралық бокс даңқы залына 2026 жылы енгізіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...