«Қазақстан Барысы – 2025»: ширек финалда күресетін балуандар белгілі болды

Фото: qazaqstan_barysy

СПОРТ
982

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің ширек финалына жолдама алған балуандар анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Үшінші айналымда бозкілемдегі тартыс қыза түсті. 16 балуан келесі айналым үшін барын салып, жеңімпаздар анықталды.

1/8 финалына жолдама алған балуандар:

1. Ерасыл Қажыбаев (Абай облысы)

2. Нұрсұлтан Қожагелдіұды (Шымкент қаласы)

3. Әділ Оразбаев (Әскер барысы)

4. Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)

5. Марат Байқамуров (Әскер барысы)

6. Бейбарыс Әбдіғани (Түркістан облысы)

7. Ерасыл Амангелді (Ақтөбе облысы)

8. Ерқанат Молдағұлов (Қарағанды облысы)

Айта кетерлігі, 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев үшінші белдесуінде қарысасын қапы қалдырып, ширек финалда Шымкент қаласының өкілі Нұрсұлтан Қожагелдіұлымен жартылай финал үшін белдеседі.

Ал биылғы турнирді басты фавариттерінің бірі Нұрдәулет Жарылғаповте үшінші айналымға сұрінбей жетті, оның келесі қарсыласы әскер барысы Әділ Оразбаев. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...